22 шілде 2014 19:14

Алматының маңында танымал маркалы вискилерді қолдан жасағандар қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews © Иллюстрация tengrinews ©

 Алматының маңында танымал маркалы вискилерді қолдан жасағандар қолға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


 Алматының маңында танымал маркалы вискилерді қолдан жасағандар қолға түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осы айдың басынан бастап қаржы полицейлері Алматы облысында есепке алынбаған алкоголь шығарған зауыттың және суррогатты алкоголь өндірген астыртын цехтің қызметін, сондай-ақ Павлодар облысында арнайы лицензиясыз арақ-шарап өнімдерін шығарған ЖШС жұмысын тоқтатты.

Алматы облысы бойынша қаржы полициясының қызметкерлері  "Алмалыбак" ӘКК" өндіріс кооперативіне тиесілі Алмалыбак поселкесіндегі зауытта жалған есепке алу-бақылау маркаларымен есепке алынбаған алкоголь өнімдерін шығару фактісін анықтады.

"Алмалыбак" ӘКК" ӨК-нің зауытына қарсы орналасқан азық-түлік дүкендерінің бірінде алкоголь өнімідерін сатып алу нәтижесінде және зауыттың қойма бөлмесінде тінту барысында есепке алынбаған 41,5 мың шөлмек алкоголь өнімдерінің 23 атауы тәркіленді.

"Алмалыбак" ӘКК" ӨК өндірістік күш-қуатын және қоймаларын қарау нәтижесінде, аталған арақ есепке алынбай құйылғаны және жалған есепке алу-бақылау маркалары қолмен жапсырылғаны анықталды. Аталған факт бойынша 2014 жылғы 11 шілдеде ҚР ҚК 208-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Алматы облысының қаржы полициясы қызметкерлері алкоголь өнімдерінің таңдаулы сорттарын қолдан жасап құятын астыртын цехтің қызметінің жолын кесті. 2014 жылғы 14 шілдеде Алматы облысының Іргелі поселкесінде Б.Әмірғалиевамен жалған есепке алу-бақылау маркаларымен 350 шөлмек көлемінде контрафактілік «Jack Daniels» виски ішімдігін заңсыз сату фактісі анықталды. Әмірғалиеваның Алматы қаласы Трудовик кентіндегі үйін тінту барысында суррогатты алкоголь өнімдері жасалатын заңсыз цех анықталды. Онда келесі дайын өнімдер алынды: 10 шөлмек - «Jack Daniels» вискиі; 187 шөлмек - «Казахстанский» коньягі; 341 шөлмек - «Хаома» арағы; 100 шөлмек - «Талка» арағы;

Сонымен қатар, виски мен арақтың таңдаулы сорттарын өндіруге арналған 1000 есепке алу-бақылау маркалары, 220 литр спирт, шөлмек жабатын станок, 2000 тығын және 1500 бос шөлмек алынды. Аталған факт бойынша 2014 жылғы 14 шілдеде ҚР ҚК 208-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Павлодар облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Мерей» ЖШС директоры С.Сакеновқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған 2014 жылғы наурыз бен мамыр аралығында салық органдарында арнайы есепке тұрмай, жалпы сомасы 35 млн.теңге тұратын 74 мың шөлмек есепке алынбаған алкоголь өнімін шығарған деген күдік тағылуда.

Тексеріс барысында кәсіпорын аумағында 824 мың этикетка, 208 мыңнан астам қақпақ, дайын алкоголь өнімінің 74 мыңнан аса шөлмегі, 16 мың жалған есепке алу-бақылау маркалары, 13 мың литр спирт және 17 мың литр құрамында спирті бар сұйықтық алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, ал құрамында спирті бар сұйықтық және алкоголь өнімдерінің құрамындағы сұйықтық күштілігі 29 пайызды құрайды.

2014 жылғы 26 маусымда «Мерей» ЖШС Компаниясының директоры С.Сакенов жалған есепке алу-бақылау маркаларымен есепке алынбаған алкоголь өнімдерін өдіру және сату фактісі бойынша жасаған қылмысын мойындап, өз еркімен Павлодар облысы бойынша ЭСЖКД-не келді. Аталған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталу кезеңінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети