Алматы қаласының түбіндегі шекара бөлімдерінің бірінде сарбаз Арман Наурызғалиевтің өлі денесі табылды. Ол әскер қатарына 2013 жылы Батыс Қазақстан облысынан шақырылған екен. Бұл туралы "Мой ГОРОД" порталына қаза болған сарбаздың әпкесі айтып берді. Ресми емес ақпаратқа қарағанда, әскери қызметшінің мәйіті шекара белдеуінде оқ тиген дене жарақатымен табылған.

"Бізге телефонмен хабарласып, Арманның мылтықпен атылып, жарақат алып қалғанын айтты. Бірақ біз оқиғаның қалай болғаны жөнінде сұрағанымызда, жауап бермеді. Содан кейін телефон тұтқасын да ешкім көтермей қойды. Ал бөлім командиріне шыққанымызда, ол баланың өзін-өзі атып тастағанын айтты",- дейді қаза болған сарбаздың әпкесі.
"Біз кезінде оған әскерге бармау туралы айтып едік. Алайда ол әскерде қызмет етуге қатты құштар болды және ешқайсысымызды тыңдаған жоқ",- деп атап өтті әпкесі.
Ата-аналарының айтуларынша, қаза тапқан солдат содан шамалы уақыт бұрын өзге біреудің телефонымен хабарласып, өзінің телефоны балансына 1000 теңге салуды өтініпті. Бірақ туыстарымен сөйлеспей қойған. 20 маусымда Арман 19-ға толар еді, "дембель" болуға оған бес ай қалған. Отан қорғаушылар күні оған атақ беру керек болған.
Арманның әкесі мен ағасы қазір Алматыға ұшып келген.