22 сәуір 2015 14:20

Алматының орталық көшелері 2016 жылы жаяу жүргіншілердің серуендейтін орнына айналуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©hottour.travel ©hottour.travel

Алматының орталық көшелері 2016 жылы жаяу жүргіншілердің серуендейтін орнына айналуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.


Алматының орталық көшелері 2016 жылы жаяу жүргіншілердің серуендейтін орнына айналуы мүмкін, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

"Алматының орталық көшелері енді жүргіншілерге тиесілі болады. Мамандар Жібек жолы торабын толықтай серуендеу орнына айналдырмақ. Ал, Абылай хан даңғылымен демалыс күндері көліктердің жүйіткуіне тыйым салынады", - делінген басылымда. 

Мәселен, "Арбаттан" бастау алатын Жібек жолы көшесі жуырда Орталық демалыс саябағына дейін серуендеу орнына айналады. Ал көлігі суша сапырылып, дамылсыз өтетін Абылай хан даңғылы демалыс күндері тұрғындардың жаяу жүретін торабына түрленбек. 

Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға ресми сапары кезінде назарына 10 шақты жоба ұсынылды. Соның бәрі алып шаһардың ажарын айшықтап, келбетіне көрік кіргізеді. Рас, төңіректегі телімдерді армансыз "жұтқан" Алматы ауқымды жұмыстар атқаруды қажет етеді. Өйткені қосылған жерлердің келбеті, ондағы тұрмыс-тіршілік пен сәулет сын көтермейді. Ол аумақтың барлығы біртіндеп қалалық деңгейге көтеріледі.

"Болашақта қаланың орталығы тек жаяу адамдар жүретін көшелер болуы тиіс. Ол үшін қазір жұмыстар жасалып жатыр. Алматының экологиясы қазіргі қалпынан да жақсы болу керек. Осы мақсатта газбен жабдықталған автобус, таксилер алынуда",- деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

15 ауылдан құралған аудан орталығының құрылыс жұмыстары биыл басталады. Аумағы 6 мың гектардан асатын Наурызбай ауданын жаңа қалаға айналдыру уақыты 4 жыл. Ал, 153 гектар орталықта бизнес жасауға, жаңадан жұмыс орындарын ашуға басты мүмкіндік беру қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети