04 шілде 2019 | 11:48

Алматының Панфилов көшесіндегі қураған ағаштар күзде ауыстырылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Панфилов көшесінде жаяу жүргіншіге басымдық беріліп, жаңарған соң мердігерлік ұйым мұнда 380 ағаш отырғызған еді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматының Панфилов көшесінде жаяу жүргіншіге басымдық беріліп, жаңарған соң мердігерлік ұйым мұнда 380 ағаш отырғызған еді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ағаш көшеттеріне тасымалдау және отырғызу кезінде біраз күш түскен және олар жаңа орынды жерсінбеген әрі аязға шалдыққан, соның салдарынан катальпа көшеті жарамсыз болып қалды.

Осыған орай, "Компания АИС Астана" мердігрлік ұйымы кепілдемелік міндеттеме бойынша биылғы жылдың вегетация маусымында жаңа ағаштар отырғызатын болады.

Айта кетейік, 2015 жылы қалалықтардың талқылауынан соң қабылданған "Алматы-2020" Бағдарламасы аясында мегаполисте тарихи орталықтың 60 пайыз жөнделді. Жайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатында энергия жинақтаушы тротуар шамдары, көше жиһаздары, спорт және балалар алаңдары, фонтан кешендері пайда болады. Жасылдандыру жүргізілді және жаңа ағаштар отырғызылды, суарудың автоматты жүйесі тартылды.

"Қала адамдар үшін» концепциясы аясында Алматыда биылғы жазда жаяу жүргіншіге басымдық беру үшін Достық даңғылының, Жібек жолы мен Байсейітова көшелерінің бөліктеріне реконструкция жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 512.52   544.72   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети