24 тамыз 2017 15:39

Алматының тарихи орталығының үштен бірін қайта жасау жұмыстары жалғасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының тарихи орталығының үштен бірін қайта жасау жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматының тарихи орталығының үштен бірін қайта жасау жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті жұмыс сапары аясында жаяу жүргіншіге басымдық беретін Қабанбай батыр, Панфилов, Жібек жолы, Гоголь көшелері мен "Астана" алаңын қайта жаңғыртудың барысын тексерді. Алматының тарихи орталығының үштен бірін қайта жасау, қаланың жолдары мен инженерлік желілерін салу мен жөндеу жергілікті кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз етіп, 43 мың жұмыс орнын құруға ықпал етті.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполис басшысына аталған учаскелерде инженерлік желілердің ауыстырылғаны, ғимарат сыртының жаңарғаны, бірыңғай стильдің енгізілгені, гранит тастардың төселгені баяндалды.

Сондай-ақ, әкімдіктегілердің айтуынша, Қабанбай батыр көшесінің екі жағынан Төлебаев пен Абылайхан көшелерінің арасына бірнеше күн ішінде тас төсеу жұмыстары аяқталады.Гоголь көшесі бойында жасыл желекті суаратын жүйе тартылуда, Қалдаяқов пен Желтоқсан көшелерінің арасына тас төсеу қыркүйектің басында іске асады. "Астана" алаңында қозғалыс жолағы азайған, құрғақ фонтандарды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр, тас төсеу де аяқталып қалды. Алаң қыркүйек айының басында ашылады.

Әкімнің баспасөз қызметіндегілер Алматы әкімі жүргінші тротуарларына тегіс, сапалы әрі экологиялық таза гранит плиткаларды төсеу, жайлы көше жиһаздарын қою, түрлі ағаштарды отырғызу, арықтардан су ағызу, көліктің болмауы, ретсіз жасалған жарнаманың, сырты әбден ескірген фасадтардың жойылуы қала орталығын барынша жайлы әрі танымал ететінін атап өтті.

Жалпы, жаңа тас төселген, орындықтар, кіші пішінді архитектуралық формалар қойылған, жарық көздері орнатылған, жасыл желекпен көмкерілген, демалыс аймақтары, балалар алаңдары, веложолдары жасалған барлық обьектілер 16 қыркүйекте дайын болады деп жоспарланған. Атап өтерлік жайт, мамандар ағаш отырғызуды күз мезгілінде бастау туралы шешім қабылдаған. Бұлар тамыр жайған ағаштар: қайың, терек және басқалары. Барлығы 330 мың м2. жасылдандырылады.

Әкімдіктің мәліметінше, қалада барлық магистральды көшелердегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу аяқталды. Қыркүйектің басында Асқаров көшесінің бойындағы су құбырларын және Қазыбек би, Маметова , Масанчи көшелерінің бойындағы учаскелерде жылу жүйелерін қайта жасау жұмыстары қыркүйекте аяқталады. Сонымен қатар, 14,7 шақырым арық желілері, 57 көшедегі 42,2 шақырым арық жүйелері қайта жасалуда.

Жыл аяғына дейін 102 өтпелі жолға жарық түсіріліп, олар қайта жаңарады. Биыл әр ауданда 472 жаңа аула алаңдары, екіден жүргінші аймақтары пайда болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети