Алмаз Әбдіғалымов "Қазгеология" басшысы болды

04 Ақпан, 12:50
0
Алмаз Әбдіғалымов. © primeminister.kz
Алмаз Әбдіғалымов. © primeminister.kz

Алмаз Әбдіғалымов "Қазгеология" АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің сайытна сілтеме жасап. 

"Директорлар кеңесінің шешімімен Алмаз Әбдірашұлы Әбдіғалымов "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 
 
Алмаз Әбдіғалымов 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "мұнай және газ геологиясы" мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін "қаржы және несие" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қ. Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтында, "СНПС Ай-Дан Мұнай" АҚ, "Қазмұнайхим-Копа" ЖШС, "Caspian Gеo Consulting Services" ЖШС, "Гео-Мұнай XXI" ЖШС, "Гео-Инженер Консалтинг" ЖШС, "ҚазМұнайГаз" өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты" ЖШС-інде қызмет атқарған. 2017-2018 жылдары "ҚМГ-Еуразия" ЖШС бас директорының орынбасары лауазымын атқарған. 2018 жылғы желтоқсаннан бастап бүгінге дейін "Қазгеология" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай