20 маусым 2019 14:46

Алтай Көлгінов елорданың жас тұрғындарымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасына қатысқан мекенжайларды аралады. Әкім аталған жобамен жеке танысып, Сарыарқа ауданы аумағындағы жоба аясында абаттандырылған 10 ауланы аралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Елорда әкімі Алтай Көлгінов "Бюджетке қатысу" пилоттық жобасына қатысқан мекенжайларды аралады. Әкім аталған жобамен жеке танысып, Сарыарқа ауданы аумағындағы жоба аясында абаттандырылған 10 ауланы аралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала басшысының жобаға деген назары кездейсоқ емес. Елорда тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған және көптеген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік берген "Бюджетке қатысу" жобасы Қазақстанда алғаш рет бастау алып отыр.

Әкім дауыс беру нәтижесі бойынша абаттандырылатын 5 аулаға барып қайтты. Бұл жобалардың атаулары: "Балалар - біздің болашағымыз" (Республика даңғ, 74 үй), "Балалар ауласын қауіпсіз ету" (Бейбітшілік көш, 60 үй), "Балалар бақыты" (І. Есенберлин көш, 15/1 үй), "Жас және заманауи астананың балалары" (І. Есенберлин көш, 11/1 үй), "Менің жайлы қалалық аулам - осында тұрғым келеді" (К. Күмісбеков көш, 7/1 үй).

Сонымен қатар, Республика даңғылы, 74 мекенжайындағы аулада балаларға арналған қос мұнаралы кешен, күрке үйшік, бірелі бар әткеншек, теңгерме әткеншек, көлбеу қабырға, гүлді құмсалғыш және спортпен шұғылдануға арналған тренажерлер орнатылады. Мұндай алаңдар Есенберлин 15/1 және Есенберлин 11/1 мекенжайларға да қойылады. Сол сияқты Бейбітшілік көш, 60, К.Күмісбеков көш, 7/1 мекенжайларында балаларға арналған жаңа ойын алаңдары орнатылады.

Әкім тұрғындармен сөйлесіп, азаматтардың әлеуметтік жобаларға белсене қатысуының маңыздылығын атап өтті.

"Талқылауға тұрғындардың белсенді қатысуы қуантады. Барлығы 22 өтінім тіркеліп, халықтық дауыс беру арқылы 15 жеңімпаз анықталды. Оның ішінде 10 ұсыныс ауланы абаттандыруға арналған. Жалпы қала бойынша 1560 аула бар. Оның 473-не жөндеу жқмыстарын жүргізу қажет. Дені оң жағалауда. Жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі", - деп жазды әкім Facebook желісінде.

Осыдан кейін шаһар басшысы жоспарлы абаттандыру жүргізілетін 4 ауланы аралап шықты.

Бейбітшілік, 62, Жеңіс, 25 және Гете, 10 мекенжайларындағы аулада футбол алаңдары және шағын сәулет нысандары орнатылады. Сол сияқты тренежерлер де қойылады. Спорт кешендері мен шағын сәулет нысандары Біржан сал, 2 ауласында орнатылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети