13 наурыз 2014 | 15:11

Алты заңға өзгерістер мен толықтырулар енеді - Тамара Дүйсенова

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Strategy2050.kz Фото Strategy2050.kz

Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді арттыруға қатысты алты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға сілтеме жасап. Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенов әлеуметтік төлемдерге қатысты болатын өзгерістер туралы баяндады. "Ақпан айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді көбейту туралы тапсырма жүктеген болатын. Осының негізінде біз алты заңға өзгерістер мен толықтырулар енгіземіз. Яғни, осы арқылы зейнетақы 14 пайызға, әлеуметтік төлемдерді 12 пайызға арттыру көзделіп отыр. Ал азаматтардың лауазымдық жалақысын 10 пайызға көтеру міндеті тұр", - деді министр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2012-16 жылдарға арналған бюджетті нақтылау заңын Мәжіліске талқылауға ұсынып отыр. "Біздің көрсеткен өзгерістеріміз республикалық бюджетте толық қаралып, осы көбейту бойынша 116,8 млрд. теңгені бірінші сәуірден бастап төлеу қарастырылуда", - деді Мәжілісте Тамара Дүйсенова. Бүгінде елімізде зейнетақыға қосымша үстемеақы алатын зейнеткерлердің саны 2 млн.-ды құрайды. Мүгедектер мен асыраушыларынан айрылған азаматтардың саны 650 мың адамға жеткен. Арнаулы жәрдемақыларды алып отырған азаматтар саны 1 млн., жалпы, зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді үстеме ақымен алатындардың саны 4 млн. шамасында. "ҰОС қатысушы ардагерлерден бастап, мемлекетке сіңірген қызметі үшін деген лауазымды иеленгендер 1998 жылға дейін 19 категория бойынша натуралды түрде көмек алып келді. 1999 жылдан бастап оларға көмек ақшалай берілуде. Жыл сайын мемлекет бюджетінде қарастырып, әрбір санаттағы азаматтарға біз көтеріп төлеп жатырмыз. ҰОС қатысушалар мен мүгедектеріне осымен үшінші рет көтеріп төлеудеміз. Кеңес одағының батыры, Социалистік еңбек ері ай сайын алатын төлемақысы бүгінде 70-130 АЕК жетіп отыр", - деді Тамара Дүйсенова. Бұрын оларға бір тонна көмір берілетін. Бүгінде оның орнына 15 АЕК бойынша ақшалай төлем жасалынып келеді. Және газ қаражатын төлеу қарастырылған. Ертеректе мұндай көмекті көбіне қалада тұратын азаматтар алып, ауылдағы одан ағайын тыс қалып отырған. "Қазір барлығы ескеріліп, ауыл мен қала болып бөлінбек жалпы әлеуметтік төлемақы берілетін болды", - деді Т.Дүйсенова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети