“Алтын Ордада“ бағаны кімдер көтерген? Тексеру қорытындысы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Алтын Ордада“ бағаны кімдер көтерген? Тексеру қорытындысы жарияланды Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Сауда және интеграция министрлігі Алматы облысындағы "Алтын орда" базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын белгілеуде заң талаптары бұзылғанын анықтады. Кейбір жағдайларда сауда үстемесі 85 пайыздан асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сауда және интеграция министрлігі Алматы облысындағы "Алтын орда" базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын белгілеуде заң талаптары бұзылғанын анықтады. Кейбір жағдайларда сауда үстемесі 85 пайыздан асқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған хабарламаға сәйкес, ЖК "Омаров", "Iceberg Distribution" ЖШС және "Ар Диас" ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағада сатып алып, оларды басқа сауда субъектілеріне 17 пайыздан 86 пайызға дейінгі негізсіз сауда үстемесімен қайта сатқан.

"Аталған деректер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңнама талаптарын бұзған субъектілерге айыппұл салынды", - деп хабарлады министрлік.

Сауда министрлігі мәліметінше, жыл басынан бері жүргізілген тексерулер барысында бір сауда желісі, бір көтерме сауда алаңы және 11 сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 40-тан 203,8 пайызға дейін негізсіз үстеме қосқаны анықталды.

"Сонымен қатар, өңірлік комиссияның жұмысы аясында "Алтын Орда" базарындағы 13 сауда субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, нәтижесінде азық-түлік бағасының өсуіне әсер еткен 7 тиімсіз делдалдың қызметі тоқтатылды", - деп толықтырды Сауда министрлігі.

Мемлекеттік кірістер органдарынан алынған электрондық шот-фактураларды талдау кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатумен айналысатын бірқатар ірі сауда субъектілерінен де заңбұзушылықтар анықталған.

Тағы оқыңыз: “Неге бұл туралы айтпайсыздар?“ - шенеунік азық-түлік бағасы туралы

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.09   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +29
Ақтау +24
Ақтөбе +19
Атырау +27
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +29
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +29
Қызылорда +34
П
Павлодар +28
Петропавл +33
С
Семей +33
Т
Талдықорған +27
Тараз +30
Түркістан +26
О
Орал +29
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер