23 ақпан 2015 10:10

Алтын тіс қазақстандықтардың шетелге шығуына кедергі болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©senica.ru ©senica.ru

Алтын тістер шетелге шығатын қазақстандықтарға қиындық туғызуы мүмкін, - деп жазады "Мегаполис".


Алтын тістер шетелге шығатын қазақстандықтарға қиындық туғызуы мүмкін, - деп жазады "Мегаполис".

Қазіргі таңда алтынды шикізатты Қазақстаннан алып шығуға тыйым салынған, бұл тыйым 2015 жылдың аяғына дейін жарамды және мерзімі ұзартылуы мүмкін. Алтынды шикізат ұғымы өте ауқымды, деп жазады басылым. "Қымбат металдар және қымбат тастар туралы" заңға сәйкес, шикізат тауарға тек кен ғана емес, қымбат металдардың қалдығы мен сынығы да жатады.

Демек тыйым салынған заттардың тізіміне стоматологиялық коронкалар, зергерлік бұйымдардың қалдықтары, электр техникаларының бөлшектері мен қосыны, микросхемалар мен транзисторлар кіруі мүмкін. Егер тізімдегі заттардың біреуі бар қазақстандықтар шекара асуға әрекеттенсе, оларға қымбат металдарды елден алып шықпақшы болды деген айып тағылып, айыппұл салынуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети