20 қараша 2017 14:46

"Алтын Орда" маңындағы жолды жөндеу жұмыстары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет © Айнаш Өндіріс Сурет © Айнаш Өндіріс

Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жолдарды жөндеу бойынша алдын ала жұмыстар басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "ҚазАвтоЖол" Ұк" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Дилара Зарлықова мәлімдеді. 


Алматыдағы "Алтын Орда" базары маңындағы жолдарды жөндеу бойынша алдын ала жұмыстар басталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "ҚазАвтоЖол" Ұк" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Дилара Зарлықова мәлімдеді. 

"Қазір аумақ бойынша толықтай коммуникацияны қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Техника мен жұмыс бригадалары құрылып жатыр, мердігер ұйымдарға алдын ала төлем жасалды. Толыққанды жұмысқа дайындық басталды. Алда қыс болғандықтан, толыққанды жұмыстар наурызда басталады", - дейді компания өкілі. 

Сонымен қатар, Алматы - Бішкек тасжолы бойындағы "Асыл Арман" тұрғын алабында маңында да техника мен жұмыс бригадалары пайда болғаны белгілі болып отыр. Бұл жерде де эстакада қойылып, үлкен құрылыстың бір бөлшегі болады. 

"Асыл Арман" тұрғын алабының эстакадасы бойынша да жұмыстар басталды. Бұл жұмысшылардың уақытша орны болады. Жұмыс басталды", - делінген gm_asyl_arman парақшасында. 

Мұның алдында республикалық маңызы бар Алматы - Бішкек тасжолының 16-шы шақырымынан 19-шы шақырымына дейінгі жолды кеңейту жұмыстары 2017 жылдың қарашасына белгіленгені хабарланған. 

Отмечается, что в данный момент существующая дорога имеет четыре полосы движения. "ҚазАвтоЖол" мәліметі бойынша, бұл жобаны іске асыру 2017 жылдың қарашасынан 2019 жылға дейін белгіленген. Бас жобалаушы - "АстанаСтройПроектСервис-М" ЖШС.

 

Строительство эстакады с ЖМ Асыл Арман.

Публикация от ЖМ "Асыл Арман" (@gm_asyl_arman)

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети