Алып қашу құрбаны болған қалыңдық әскери қазметкерден сот арқылы ақша өндіріп алды

07 Наурыз 2017, 13:37
2
Алып қашу құрбаны болған қалыңдық әскери қазметкерден сот арқылы ақша өндіріп алды - © Тengrinews.kz илюстрациясы
© Тengrinews.kz илюстрациясы

Шымкентте әскери қызметкер қалыңдық алып қашып, неке түнінен кейін оны әдепсіз сөздермен қорлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, 2016 жылы шілдеде Шымкент гарнизонының келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметшісі үйіне бір қызды (қыздың еркінсіз) алып келіп, қалыңдығы болуға көндірген. Алайда неке түні өткеннен кейін ер адам өзінің әпкесімен бірге қыздың ар-намысына тиетін сөздерді айтқан. Осыдан кейін қыз гинеколог-дәрігерге қаралған.

"Медқызметкерлердің қорытындысы бойынша, сол үйге келін болып түскен қыздың пәк болмай шыққанына оның кінәсі жоғы айтылған. Соған қарамастан, әскери қызметкер мен әпкесі жаңа түскен келінді қорлауын тоқтатпаған. Сот отырысында олар барлығын жоққа шығарып, жәбірленушімен татуласуға келіспеген", - делінген хабарламада.

Әскери соттың үкімімен айыпталушылар кінәлі деп табылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабына ("Қорлау") сәйкес оларға - әскери қызметкерге 20 АЕК және оның әпкесіне 30 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Сот үкімімен келіспеген сотталушылардың арызы апелляциялық сотта өзгеріссіз қалған. Сот үкімі заңды күшіне енді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай