19 шілде 2018 17:25

Аман қалсын деп дұға етіп жатырмыз - Министр Денис Тенге жасалған шабуыл жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстанбек Мұхамедиұлы Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Тенге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Тенге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Алматыдан сұмдық жаңалық келді. Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жансақтау бөлімінде жатыр - пышақ жарақатын алып, көп қан жоғалтып алды, шамамен 3 литр қан жоғалтты. Алматының орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлері қазір қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр. Аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Бұл өте қайғылы оқиға, миға кірер емес. Қазір барлығымыз Денистің жазылып, аман қалуы үшін дұға етіп жатырмыз", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған болатын. 

Кейінірек Денис Теннің Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқаны айтылады. "Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, ота жасалып жатыр. Үш литр қан жоғалтты", - деп хабарлаған еді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта спортшыға ота жасалып жатыр.

Денис Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети