12 наурыз 2015 13:52

Амантай қажы президент сайлауына қатысуға құжат тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амантай қажы. ©Әсемгүл Қасенова Амантай қажы. ©Әсемгүл Қасенова

Амантай қажы кезектен тыс президент сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Амантай қажы кезектен тыс президент сайлауына қатысу үшін Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Иә, өтініш бердім, олар тіркеуге алды. Олар маған хабарлайтын болады", - деді өзін-өзі ұсынушы. Ол қазақ тілін меңгергендігі тексерілетін емтиханға қуана-қуана келетінін айтты. 

Еске салайық, бұған дейін Tengrinews.kz тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында Амантай қажы биылғы сайлауға қатысу ниеті барын айтқан еді. "Егер Алла қолдаса, біз Президент сайлауына төртінші рет қатысатын боламыз. Оған Семей полигонын жабуға қол жеткізген біздің бүкілқазақстандық антиядролық қозғалыстың "Аттан, Қазақстан!" халықтық бейбітшілік маршының бағдарламасымен қатысамыз", - деген болатын Амантай қажы.

Амантай қажы 2011 жылғы сайлау кезінде де өзін-өзі ұсынып, Орталық сайлау комиссиясына өтініш берген болатын. Бірақ ол үміткер ретінде тіркелмеді. Амантай қажы Орталық сайлау комиссиясы өткізген емтиханға келмей, ұялы телефонын өшіріп тастаған еді. Кейін ол отбасындағы қайғылы оқиғаға байланысты емтиханға қатыса алмағанын айтты. 2011 жылы сайлауалды кампаниясы барысында Амантай қажы бірнеше атышулы мәлімдеме жасады. Ол Президент сайлауында жеңіске жетсе, Қазақстанның тұрмысқа шықпаған қыздарының мәселесімен айналысатын ақсақалдар кеңесін құруға уәде берді. Ол өз мақсатын республика бюджеті есебінен іске асырғысы келетінін айтты.

Амантай қажы - "Невада - Семей" қозғалысы ұйымдастырушыларының бірі. 2005 жылғы сайлауда ол Орталық сайлау комиссиясына президенттікке үміткер ретінде тіркелді. Ақпарат құралдарына берген сұхбаттарының бірінде ол өзін "мафиямен, сыбайлас жемқорлықпен және атом электр станцияларымен күресуші әлемдік көсем" деп атады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети