10 қазан 2016 14:05

Америка құрама штаттары ЭКСПО-2017 қатысуға қызығушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2017astana.com © expo2017astana.com

Бүгін Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Америка құрама штаттарының елшісі Джордж Кроллмен кездесті. Басқосу барысында екі жақ Америка құрама штаттарының "Астана ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу мүмкіндігі қарастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқосу барысында АҚШ елшісі Кролл Американың халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға қызығушылық білдіргенін жеткізді.

Бүгінгі таңда халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатындығын 104 мемлекет растады, 98 мемлекеттің комиссары тағайындалды, 82 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.

 Айта кету керек, көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Жалпы алғанда, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға шамамен 2 миллионнан астам адам келеді және 5 миллион келуші болады деп күтілуде. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети