Америкалық студенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың әнін орындады

08 Желтоқсан 2016, 12:00
0
Америкалық студенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың әнін орындады - © Тwitter
© Тwitter

Америкалық студенттер Нұрсұлтан Назарбаевтың әнін орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әннің орындалған видеосы Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігінің Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Видеороликтің жазбасында Вашингтонда қазақстандық дипломатиялық миссиясының қатысуымен ұйымдастырылған қабылдауында тосын сый болғаны айтылады. "Үш қоңыр" әнін Энрико мектебінде оқитындар орындады. Бұл мектеп Виргиния штатындағы Энрико қаласында орналасқан. 

Айта кетейік, "Үш қоңыр" әнін Мемлекет басшысы 2001 жылы жазған. Үш қоңыр - Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан жердің атауы. Бұл жер қазіргі Шамалған ауылына жақын жерде және Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері екені белгілі. Бұл әнді елімізде қазақстандық белгілі "МузАрт" тобы орындайды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай