22 қаңтар 2015 19:44

Ан-2 апаты құрбандарының отбасына миллион теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апат орны. ©Тengrinews.kz Апат орны. ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысының әкімдігі 20 қаңтар күні Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марқұмдардың бесеуі - Қарағанды қаласының, біреуі - Жезқазғанның тұрғыны. 


Қарағанды облысының әкімдігі 20 қаңтар күні Ан-2 ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марқұмдардың бесеуі - Қарағанды қаласының, біреуі - Жезқазғанның тұрғыны. 

Облыс әкімінің шешімімен миллион теңге көлеміндегі көмек бюджеттен тыс қаражат есебінен бөлініп отыр. Аталған сомаға қоса, апат құрбандарының отбасына басқа да қажетті материалдық қолдаулар көрсетілетін болады. 

"ҚазАқпараттың" хабарлауынша, бүгін, 22 қаңтар күні экипаж мүшелері Валерий Клюшев, Виктор Савельев, Василий Литвинов пен "Қазақмыс" қызметкері Ғабит Төлеубаевтың сүйегі Қарағандыға әкелінді. "Қазақмыстың" тағы екі қызметкерінің сүйегі олардың туған жері - Жаңаарқа ауданы мен Қызылорда қаласына жіберілді. 23 қаңтар күні апат құрбандарының денесі жер қойнына тапсырылады. 

Еске салайық, Ан-2 ұшағы 20 қаңтар күні сағат 15.40 шамасында "Шатыркөл" кен орны ауданында апатқа ұшыраған еді. "Олимп Эйр" серіктестігіне тиесілі ұшақ Балқаштан кен орнына ұшып шыққан. Ұшақтың апатқа ұшырауына тұман себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Тергеу оқиғаға себеп болуы мүмкін бірнеше жайтты тексеріп жатыр. Ұшақтың бортында жеті адам болды, оның үшеуі - экипаж мүшесі. Алты адам қаза тапты. Олар: "Қазақмыс" қызметкерлері Ғабит Төлеубаев, Ербол Ыбыраев, Ұлбазар Есмағанбетова және экипаж мүшелері: Валерий Клюшев, Виктор Савельев және Василий Литвинов. 

Апаттан жалғыз адам - "Қазақмыс" компаниясына қарасты "Балқаштүстімет" ӨБ бас геологы Әсем Шаяхметова ғана тірі қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети