Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ан-72 әуе кемесінің апатына ұшақ экипажы кінәлі

27 Наурыз 2014, 10:02
0
Сурет Otyrar.kz ақпарат көзінен алынған
Сурет Otyrar.kz ақпарат көзінен алынған

"Бұған дейін диспетчер Қанат Ақылбеков күдікті деп танылып келген Шымкент маңында Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырауына байланысты сот отырысының төртінші тыңдалуында, апаттан 10 минуттан кейін Шымкент әуежайына қонған ЯК-42 әуе кемесінің командирі куәгер ретінде қатысты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Otyrar.kz ақпарат құралына сілтеме жасап. 

38 жылдық тәжірибесі бар ұшқыш Александр Кабанов "Шымкент маңында Ан-72 әскери ұшағының апатқа ұшырауына ұшақ экипажының кәсіби шеберлігінің жетіспеушілігі себеп болған" дейді. Ұшқыш "ұшақтың апатқа ұшырауынада диспетчердің кінәсі жоқ" деді.

Оның пайымдауынша Ан-72 ұшағының ұшқыштары қателікке бой алдырған. "Менің түсінуімше, оларда биіктікті көрсететін қондырғы істен шыққан. Бірақ тосын жағдайларда ұшақ экипажы бәрін бақылап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Мұның бәрін әрбір ұшқыш оқу-жаттығу кезінде өткен. Ол білуі тиіс. Ұшақты қондыруға міндетті", - дейді Кабанов.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың 25 желтоқсанында Шымкент маңында Ан-72 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын. "Астана - Шымкент" бағыты бойынша жол тартқан ұшақ бортында 27 адам болған, олардың 7-еуі экипаж мүшесі, 20-сы әскери қызметкерлер. Олардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметі директоры, полковник Тұрғанбек Стамбеков, "Оңтүстік" шекара әскері басқармасының бастығы Павел Доценко, сонымен қатар "Қордай", "Сарыағаш" шекара отрядтарының жетекшілері болған. Апатқа ұшыраған ұшақтағы адамдардың барлығы оқиға орнында көз жұмды. Сол кезде әуе кемесінің апатына Шымкент әуежайының диспетчері Қанат Ақылбеков кінәлі деп айыпталған еді. Оған тергеушілер "дұрыс бағыт-бағдар бере алмаған" деп кінә таққан болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай