05 маусым 2018 14:07

"Анам ауырған кезде дәрігер болуға бел будым"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/asanali_sushenov © instagram.com/asanali_sushenov

Павлодарлық Асанәлі Сушенов бесінші сынып оқыған кезінде анасы дертке шалдығады. Ол анасын медициналық кітаптар көмегімен емдеуге тырысып, сол кезден бастап болашақта дәрігер боламын деп шешеді. Қазір Асанәлі 21 жаста. Алматыда дәрігер мамандығында оқиды, невролог болуды армандайды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне анасын кішкентай кезінде қалай емдеуге тырысқаны жайлы айтып берді.


Павлодарлық Асанәлі Сушенов бесінші сынып оқыған кезінде анасы дертке шалдығады. Ол анасын медициналық кітаптар көмегімен емдеуге тырысып, сол кезден бастап болашақта дәрігер боламын деп шешеді. Қазір Асанәлі 21 жаста. Алматыда дәрігер мамандығында оқиды, невролог болуды армандайды. Ол Tengrinews.kz тілшісіне анасын кішкентай кезінде қалай емдеуге тырысқаны жайлы айтып берді.

"Бесінші сыныпта анам ауырған кезде дәрігер боламын деп шештім. Анама каротид артериясының гипоплазиясы, яғни мойны қан тамырларының қысылуы  диагнозы қойылды. Бас, мойнында аурусыну болды. Мен анама қарай жүріп, халық медицинасы бойынша кітаптар алып, көп оқитынмын. Сол кезде медицина саласына қызығушылығым оянды. Үлкен сыныптарда биология пәнін оқып, мектеп бітіргеннен кейін С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне түстім. Қазір төртінші курс бітіріп, қаламыздың емханаларының бірінде тәжірибе алудамын "- дейді жас маман.

Бүгінде Асанәлі жай ғана қатардағы студент емес. Ол басқа студент-медиктерге қалай тәжірибе өту керектігі жайлы кеңестер беріп, ұсыныстар айтады.

"Көптеген студенттер практиканың өз деңгейінде өптейтінін айтып, шағымданады. Мен студент өзі дәрігер артынан жүгіріп, сұрап, үйрену керек деп ойлаймын. Тәжірибе алуға келгендер мейірбикеден науқастан қан алуға рұқсат сұраса, олар қарсылық танытпайды, керісінше бәрін көрсетеді. Біздің оқуымыз өте күрделі, кейбір студенттер қойылған талапты орындай алмай, стресс күйінде жүреді. Оларға шабыт беру керек. Сол себептен де талапкерлерге көмектесемін. Болашақта студенттер үшін медицина мектебін ашқым келеді ",- деп Асанали өз жоспарымен бөлісті. 

"Бірінші курс оқып жүргенімде алғаш рет ота жасау процесін көрдім. Зәр шығару жолының ауруына байланысты қарт кісіге жедел ота жасау керек болды. Дәрігерлерден сұранып мен де арнайы бөлмеге кірдім. Ал төртінші курста алғаш рет дәрігерге көмектестім. Ол көмекей безді алу отасы болатын. Болашақта мен шығыс медицинасымен айналысқым келеді. Себебі адам ағзасындағы бардық аурулар ділмен байланысты деп ойлаймын. Ал шығыс медицинасы дәл осыны зерттейді. Өзіме шығыс және батыс медицинасын байланыстырған ұнайды"- деді павлодарлық жігіт.

Асанәлінің айтуынша адам қазіргі күнмен өмір сүру керек.

"Біз бүгінгі күнмен өмір сүреміз. Өткенмен, болашақпен де емес, қазіргі сәтпен. Өзіңе "мен қалаймын" деп айтпа, "мен білемін, менде бәрі болады" деп мақсат-арманыңа көзқарасыңды өзгерт. Таңдаған бағытыңа барлық күш-жігеріңді жұмсасаң, ғалам саған көмектеседі!", - деп болашақ невролог кеңесімен бөлісті.

Мақаланы орыс тілінен аударған: Камила Долаева

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети