Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ангела Меркель Елбасыға сәлем жолдады

12 Маусым 2014, 18:06
0
Фото kp.ru сайтынан алынды
Фото kp.ru сайтынан алынды

Германия Канцлері Ангела Меркель Елбасыға сәлем жолдады, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"11 маусымда Берлинде ГФР басшылығының шетел дипломатиялық мекемелерінің басшыларымен дәстүрлі кездесуінің шеңберінде Германиядағы ҚР Елшісі Нұрлан Оңжанов Германия Канцлері Ангела Меркельмен сұхбаттасты" - делінген хабарламада.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, Қазақстан дамуының Үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыру және "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізінің транзиттік мүмкіндігін пайдалану аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мүмкіндіктерін атап өткен.

Бұл ретте басты назар Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларындағы әріптестік туралы үкіметаралық келісіміне, яғни экономиканың басым салаларындағы Қазақстан-Германия жобаларын іске асыруға аударылу керек екені де айтылды.

Сұхбат соңында ГФР үкіметінің басшысы Ангела Меркель ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚР халқына өзінің жылы тілектерін жолдап, Германияның Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қызығушылығын атап өткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай