27 желтоқсан 2019 13:35

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының командирі қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 әуе кемесінің командирі Марат Мұратбековтың есімі әуе апатынан қаза тапқандар тізімінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ Комитетіне сілтеме жасап. 


Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 әуе кемесінің командирі Марат Мұратбековтың есімі әуе апатынан қаза тапқандар тізімінен шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖ Комитетіне сілтеме жасап. 

"Әуе кемесінің командирі Мұратбаев Марат Ғаниұлы (1962 жылғы) оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, экипаж мүшесіндегі екінші ұшқыш - Молдақұлов Мейіржан Ғайноллаұлы 1965 жылғы. Бортсеріктер: Валиулина М., Сахов М. А., Османов Р. Д.

28 желтоқсан жалпыұлттық қаралы күн болып жарияланды

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 15 адамның қаза болғанын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети