25 желтоқсан 2015 12:44

Арал теңізінің балықтары Брюссельге жеткізіле бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Style.ru © Style.ru

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Арал теңізін қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Арал теңізін қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дүниежүзілік банктің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан солтүстік Арал жобасының бірінші кезеңі туралы айта келе Көшербаев теңіз деңгейінің 38-ден 42 метрге дейін көтерілгенін жеткізді. Оның айтуынша, су көлемі 15-тен 27 текше метрге дейін жоғарылап, минералдау бір литр суда 23-тен 13 граммға дейін төмендеген.

"Иордания мен Израильде өлі теңіз бар. Онда бірде-бір балық жоқ, адамдар үнемі емделіп жатады. Арал да осындай теңізге айналып кетуі мүмкін еді. Біз осы жобаны жүзеге асыра бастағанда теңізде балықтың бір ғана түрі қалған болатын. Ол кезде теңіз 94 шақырымға алшақтаған. Жақында ғана тікұшақпен теңізді көріп келдім, қазір теңіздің Арал қаласына жетуіне небары 17 шақырым қалды", - деді Қызылорда облысының әкімі.

Облыс басшысының айтуынша, ауланған балықтар саны қазір 20 есеге артты. "Бұрын теңіз балықтарын өңдейтін 3 қана зауыт болса, қазір олардың саны 8-ге жетті", - деді әкім.

"Көксерке балығын Брюссельге жеткізіп жатырмыз. Біз қазірдің өзінде 400 жұмыс орнын аштық. Қазір өңделетін балықтар көлемі 11 мың тоннаға жетті. Балқашқа, Қапшағайға кеткен балықшының барлығы бүгінде қайта оралды. Экспорт көлемі 3,6 есеге артты, балықтың 22 түрін қайта қалпына келтірдік. Балық қайта оралды", - деді Көшербаев.

Сонымен қатар, ол теңізді толықтай құтқару мүмкін емес екенін, тек солтүстік бөлігі ғана қалпына келтіріліп жатқанын жеткізді.

"Енді бұл жобаның екінші кезеңін жүзеге асыратын уақыт келді. Дегенмен Өзбекстан тарапынан кедергілер бар", - деді ол. Мәселелерді талқылау үшін тараптар келесі аптада кездеседі.

"Егер екінші кезең аяқталса, Аралға теңіз оралады, оның порты да қалпына келеді. Көл жүйелері де қалпына келіп, Арал теңізінің солтүстік бөлігі толық оралады", - деді Қырымбек Көшербаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети