17 қараша 2014 17:19

Арқалықтың тағдыры беймәлім болып тұр - Альберт Рау

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альберт Рау. ©ortcom.kz Альберт Рау. ©ortcom.kz

Сегіз жылдан соң Арқалықта боксит өндіру тоқтатылады да, қала құраушы негізгі кәсіпорын қаладан кетеді. Моноқалаларды дамыту мәселелері бүгін Парламент Мәжілісіндегі отырыста қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сегіз жылдан соң Арқалықта боксит өндіру тоқтатылады да, қала құраушы негізгі кәсіпорын қаладан кетеді. Моноқалаларды дамыту мәселелері бүгін Парламент Мәжілісіндегі отырыста қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қостанай облысы, Арқалық бойынша мейлінше күрделі жағдай. Негізгі мәселе - бокситтің сегіз жылға дейін жетуі, сегіз жылдан соң ENRC ол жерден кеткелі отыр. Ешқандай басқа амал жоқ: барлануы тиіс нәрсенің бәрін барладық. Ол жерде солтүстікке қарай 100 шақырымдағы, Есіл түбіндегі бір нысаннан басқа тартымды ештеңе қалған жоқ, ол жерде темір кенінің миллиард тоннасы жатыр. Бүгінде ұлттық тау-кен компаниясына "Тау-Кен самұрық" кірді, ол сегіз жылдан кейін сол 1500 адам боксит өндіруі үшін, кен өндіре бастауы үшін іс-әрекет қылуы керек. Басқа амал жоқ. Егер Арқалықтың қала құраушы негізгі кәсіпорны болмаса, оның өзінің де болу-болмауы - үлкен мәселе", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Альберт Рау.

Ол кірме жолдарды жөндеу мәселесімен айналысу қажеттігін де атап өтті. "Ол жерде құс фабрикасы 100 миллион жұмыртқа өндіреді, ал өнімін шығара алмайды. Арқалықтан Державинскіге дейін жол жоқ. Бұл кімнің мәселесі? Инвестициялар және даму министрлігінікі. Менің мәселем. Біз жолдарды салумен де айналысуға, бір министрлікте болуға үйренбеппіз", - деді Рау.

Еске сала кетейік, биыл Көлік және коммуникация министрлігі қайта жасақталып, оның жолдар бойынша функциялары жаңадан құрылған Инвестициялар және даму министрлігіне берілген болатын. 

Вице-министрдің айтуынша, Арқалықта теміржол құрылысын салудан мәселе шешілмейді. Автокөлік жолдарын да салу қажет. Ол 300 жұмыс орнын ашып, өндіріс көлемін 2,5 есеге ұлғайтқалы отырған құс фабрикасын қала билігі қолдауы керектігін айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети