Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Арқанкергенде қаза болған шекарашылардың отбасылары қойған талаптарға қаржы министрлігі жауапты

11 Қыркүйек 2014, 22:06
0
Фото © Марат Әбілов
Фото © Марат Әбілов

"Арқанкерген" шекара бекетінде қаза болған шекарашы сарбаздардың отбасылары қойған талаптарға Қазақстанның қаржы министрлігі жауап беретін болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Астана қаласы сарбаздардың аналары комитеті" ҚБ-ның төрайымы Людмила Костенко мәлімдеді. 

Қаза болған он шекарашы сарбаздың отбасылары сот арқылы ұлдарының өлімі үшін моральдық шығын талап етуде. Астана қалалық Сарыарқа ауданының сотында судья Ләззат Баянның басқаруымен бірінші сот отырысы өтті. "Әрқайсысы 20 миллионнан талап еткен 10 шағым қаза болған әскери қызметкерлердің ата-аналарынан келіп түсті. Шағымдар ҚР ҰҚК-ның шекара қызметі мен №2484-әскери бөліміне биылғы мамыр айында түсіп қойған. Алдын-ала жасалған қаралымнан кейін олар біріктіріліп сот шығарған шешімге ҚР Қаржы министрлігі мен шекара қызметі жауапты болып танылған", - дейді Костенко.

Оның айтуына қарағанда, ұлдарының қазасы үшін өтемақыны "Арқанкергенде" әскери борышын өтеген сарбаздардың да, сондай-ақ келісім шарт бойынша қызмет атқарған әскерилердің де ата-аналары талап етіп отыр. Сонымен қатар, қаза болған отряд командирі Алтынбек Кереевтің ата-анасынан шағым дайындалып жатыр. Борыштарын өтеген Жеңіс Сағынғалиев пен Мейірхан Именовтың, сондай-ақ келісім шарт бойынша қызмет атқарған Талғат Сәрсембаевтың ата-аналары мұндай талаптарды әзірге қойып отырған жоқ. 

Айта кетейік, "Арқанкергенде " қаза болған ұлы үшін бірінші болып моральдық шығынды Денис Рейдің анасы талап етті. Бірақ, ұлы қаза болғаны расталмаған соң бұл істің қаралымы кейінге қалдырылған. Дегенмен оған дейін Павлодар облысы Успен ауданы сотының шешімі бойынша Татьяна Рейге ұлының қаза болғаны туралы куәлік берілген. 

Еске салайық, "Арқанкергендегі" қайғылы оқиға 2012 жылдың 28 мамырында болды. Екі күн өткеннен кейін өртеніп кеткен шекара бекетінен 14 сарбаздың және қорықшының денесі табылған. Тексеріс барысында қаза болғандардың барлығының денесі белгілі болып, Мейірхан Именов пен Денис Рейдің мәйіті ғана анықталмаған. Кейіннен шекарашы Владислав Челах ұсталған. Оны әскери қызметтестерін өлтірде деп айыптап, өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған. 

 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай