02 қазан 2014 19:00

"Арқанкергенде" қаза болғандардың отбасына өтемақы төлеуден бас тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Сот "Арқанкерген" бекетінде қайтыс болған шекарашылардың отбасына моральдық шығын төлеуді қолдаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, әр отбасы 20 миллион теңгеге талап арыз берген болатын.


Сот "Арқанкерген" бекетінде қайтыс болған шекарашылардың отбасына моральдық шығын төлеуді қолдаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, әр отбасы 20 миллион теңгеге талап арыз берген болатын.

Марқұмдардың туыстарының айтуынша, сот арыз берушілер төлем өндіру туралы талапты "Арқанкергендегі" жаппай кісі өлімі бойынша сотталған шекарашы Владислав Челахқа қоюы керек деп шешті. Бұл дәйекті ҰҚК Шекаар қызметі мен ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері қолдады. Сот арыз берушілердің "Шекара қызметінің қолбасшылығы салақтық, әрекетсіздік танытып, дер кезінде шара қолданбады" деген дәйектерін негізсіз деп тапты. 

"Прокуратура өкілі сотта біздің талап арызымыздың ішінара қанағаттандырылғанын айтты, әрқайсымызға - 500 мың теңгеден. Бірақ сот одан бас тартты. Соттың шешімімен, біз, әрине, келіспейміз және оған Жоғарғы сотқа дейін барып, шағым келтіреміз", - деді "Арқанкергенде" қайтыс болған шекарашылардың бірінің туысы.

Еске сала кетейік, әуеліде талап арыз ҚР ҰҚК Шекара қызметі мен №2484 әскери бөлімнің үстінен берілген еді. Алдын ала қаралғаннан кейін арыздар біріктіріліп, жауапкер ретінде Қаржы министрлігі мен Шекара қызметі танылды. "Астана сарбаз аналары комитеті" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Костенко өтемақыны мерзімді әскери қызмет сарбаздарының да, келісімшарт бойынша қызмет ететін сарбаздардың да ата-аналары талап етті. Моральдық өтемақыны ең алғаш болып талап еткен - "Арқанкергенде" қайтыс болған Денис Рейдің анасы. Бірақ әйел ұлын қайтыс болды деп мойындамағандықтан істі қарау кейінге қалдырылды, дегенмен бұрын Павлодар облысының Успен ауданының соты Татьяна Рейге ұлының өлімі туралы куәлікті берген болатын.

"Арқанкерген" бекетіндегі трагедия 2012 жылдың 28 мамырында болды. Екі күннен соң оқиға орнынан жанып кеткен тұрақ, 14 шекарашы мен бір орманшының мәйіті табылды. Шекарашы Мейірхан Именов пен Денис Рейден басқалардың бәрінің денелері анықталды. Кейін күдікті ретінде шекарашы Владислав Челах ұсталды. Ол қызметтестерін өлтірді деп айыпталып, өмір бойғы жазаға кесілді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети