24 тамыз 2016 16:10

Армия халықаралық ойындарының қатысушылары байқаудың өткізілу шарттарын жоғары бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының аумағында Армия халықаралық ойындары байқауы аяқталғаннан кейін қатысушы елдердің өкілдері қатысу үшін жасалған жағдайды және сайыста объективті төрешілікті жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасының аумағында Армия халықаралық ойындары байқауы аяқталғаннан кейін қатысушы елдердің өкілдері қатысу үшін жасалған жағдайды және сайыста объективті төрешілікті жоғары бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Конкурс бәсекелік және достастық жағдайда өтті. Төрешілер алқасының мүшелері, сондай-ақ, іс-шараны өткізу туралы қағидалар мен ережелер жақсы дайындалған", - деді "Мерген шебі" байқауының өткізілуі туралы Үндістан командасының жетекшісі полковник Дж. Сингх.

"АРМИ-2016 төрешілер алқасының жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының төрешілері сайысқа түскен командаларды қазылық еткен кезде өздерінің әділдігін паш етті. Ойындардың жан-жақты қамтамасыз етілуі жоғары деңгейде ұйымдастырылды", - деді топ басшысы, Беларусь Республикасы ҚК ЖСҚЖ АрМ бөлімшесінің командирі подполковник Б.Братсин.

"Грекияның Қарулы Күштері атынан үш апта бойы біз өзімізді үйдегідей сезінгенімізді айтқым келеді. Әрқайсысы, оның ішінде, төрешілер, аудармашылар мен сайысқа қатысушылар бізге барынша көмек көрсетуге тырысып, қонақжайлылығын танытты. Орналастыру және тылдық қамтамасыз ету жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Біз келесі жылы командамыз артиллерияшылардың сайысына да қатысады деп үміттенеміз. Біз мұнда болған кезімізде рахатқа бөлендік және аталған сапар елдеріміздің арасында білім, тәжірибе алмасу және достық дәстүрінің негізіне айналатынына үміттіміз", - деді Грекия командасының өкілі аға лейтенант Фисаракис Павлос.

"Жалпы алғанда, сайыс жақсы деңгейде өтті. Әділқазылар алқасы объективті түрде жұмыс атқарды. Құшақ жая қарсы алып, қонақжайлылық танытқандарыңыз үшін Моңғолияның барша командасының атынан алғысымды білдіргім келеді", - деді Моңғолия командасының жетекшісі полковник Б. Хадбаатар.


"Артиллериялық оқ ату шеберлері" және "Мерген шебі" байқауларының жеңімпаздарын марапаттау Қазақстанның "Гвардейск" полигонында өткенін естеріңізге сала кетейік. Отарда алғаш рет Армия халықаралық ойындары шеңберінде артиллерияшылар мен мергендердің байқаулары өтті. 12 елдің командалары арасында ымырасыз бәсекеге болды. 278 әскери қызметші физикалық күш пен төзімділік, кәсіпқойлық пен әскери шеберлік тұрғысында бақ сынасты. Бұл ретте жарыс күндізгі және түнгі уақытта өтті.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, келесі жылы Қазақстан өз жерінде Армия халықаралық ойындарын жаңартылған бағдарламада өткізеді. Әскери полигондарымыздың аумағында алғаш рет 5 байқау өтеді. Алғаш рет Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына броньдалған автомашиналардағы ралли, ҰҰА конкурсы, сондай-ақ, әйел әскери қызметшілерге арналған арнайы байқау – көпсайыс қосылады.  Оларға 2017 жылы өздерінің орналасу орындарын ауыстыратын және қазақстандық әскери полигондарда өтетін АрМИ байқауының бағдарламасында бар сайыстар қосылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети