14 сәуір 2014 20:21

Арнайы кешен Астананы Есілдің тасуынан қорғап тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ©ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Астананы Есіл өзенінің тасуынан қорғайтын кешенге 100 млн текше метрден астам су жиналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кешен қаланы еріген қар суы мен селден қорғап тұр.


Астананы Есіл өзенінің тасуынан қорғайтын кешенге 100 млн текше метрден астам су жиналды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кешен қаланы еріген қар суы мен селден қорғап тұр.

"Су тасқыны кезеңінің басынан бері Есіл өзенінен барлығы 104,4 млн текше метр су ағызылды. Аққан су Астана қаласын қорғау кешеніне жиналды, бүгінде онда 100 млн текше метрден астам су жиналды. Осыған ұқсас жағдай 2010 жылы да болды, онда 30 млн текше метр су жиналған болатын", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, 28 наурызда Астана суқоймасының толу қаупі байқалған. Сондықтан секундына 17,6 текше метр су ағызуға тура келді. Қаланы тасқыннан қорғайтын кешенге шоғырландырылған су одан әрі Есіл өзені арнасына қауіпсіз жағдайда құйылады, ол өзен арнасын шаюға және өңірдің экологиясын жақсартуға ықпал етеді. 

"Сәуір айында Қарағанды және Ақмола облысында қардың тез еруінен болған су тасқыны салдарынан Астана мен Сілеті суқоймаларына судың құйылу жылдамдығының артқаны және олардың жобалық көлемі деңгейіне жеткені белгілі. 31 наурыздан бастап тек Астана суқоймасының өзіне 241,6 млн текше метрден астам су құйылды, оның көлемі жобалық көлеммен 408,9 млн текше метрге немесе 99,6 %-ға жетті", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

"Астана қаласын Есіл өзенінің тасқын суларынан қорғау" кешені Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2010 жылы салынған. Оның сыйымдылығы 450 млн текше метр және бөгетінің ұзындығы - 31 шақырым. "Қазіргі уақытта кешеннің жай-күйі техникалық жағынан қалыпты, су тасқынына қарсы режимде жұмыс істейді", - дейді министрлік мамандары.

Еске сала кетейік, сәуірдің алғашқы күндері Астананың Есіл ауданындағы Шығыс Ильинка ықшамауданы мен "Юбилейный" бағбандар қоғамдастығында тұрғын үйлерді еріген қар суы басып, ондаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети