"Арселор Миттал Теміртау" өкілдері шахтадағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үш кеншінің жағдайын айтып берді

01 Қыркүйек 2017, 13:55
0
"Арселор Миттал Теміртау" өкілдері шахтадағы төтенше жағдайдан зардап шеккен үш кеншінің жағдайын айтып берді - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ өкілдері "Казахстанская" шахтасында болған төтенше жағдайдан зардап шеккен үш кеншінің жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай болған күні 31 тамызда сағат 13.00-де үш кенші медициналық көмекке жүгінген болатын.

"Бірінші тексеріс қорытындысы үш ер адамның күйзеліс халде екенін көрсетіп отыр. Кейінірек олар облыстық медициналық орталыққа жіберілді, барлық қажетті сараптамалар алынды. Медициналық орталықтың дәрігерлері Владимир Калядканың (1991 жылғы) жағдайы қанағаттанарлық екеніп айтып, сол күні-ақ кешкі уақытта үйіне жіберді. Александр Иванов (1960 жылғы) пен Аят Т9рсыбеков (1974 жылғы) токсикологиялық бөлімде дәрігерлердің бақылауында жатыр", -делінген хабарламада.

"Александр Иванов пен Аят Тұрсыбеков есін жиды, өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", - деді "Арселор Миттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің медициналық сұрақтар жөніндегі директоры Илья Вальштейн.

Сондай-ақ, кеше Қарағанды облысының әкімі "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың отбасына барып қайтқан болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін "Арселор Миттал Теміртау" шахтасында қаза тапқандардың тізімі жарияланған болатын.

"2017 жылдың 31 тамызында сағат 4:21-де Шахтинск қаласындағы "Арселор Миттал Теміртау" АҚ "Казахстанская" шахтасындағы 332 Д6-з № 1 вентиляциялық түйілісінде кенеттен көмір мен газ атқылады. Оқиға кезінде шахтада 136 адам болған, олардың үшеуі апаттық өндіруде болған. 5:35-те щахта жұмысшылары тіршілік белгілерінсіз үш ер адамның мәйітін тапты", - делінген еді хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай