10 қаңтар 2018 10:12

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы "экологиялық апатқа" қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет әлеуметтік желіден Сурет әлеуметтік желіден

Теміртаудағы қара түсті қарға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы мәлімдеме жасады. Сейсенбіде компания Қарағанды аймағындағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты атмосфераға зиянды заттар лақтыруды бақылауды күшейтетіні туралы баспасөз баянын таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Теміртаудағы қара түсті қарға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы мәлімдеме жасады. Сейсенбіде компания Қарағанды аймағындағы экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты атмосфераға зиянды заттар лақтыруды бақылауды күшейтетіні туралы баспасөз баянын таратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

 "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігі металлургиялық комбинаттың барлық бөлімшелерінің жетекшілерімен кеңес өткізіп, тазалаушы құрылғы жұмысын бақылауды күшейту және экологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қолдану туралы шешім қабылдады. Компания және Қарағанды облысы экология департаменті мамандары қатарынан комиссия құрылды. Комиссия барлық өндіріс бөлімшелерінің жұмысы мен шаң сынамасына сараптама жүргізеді. Жұмыс қорытындысы бойынша қажетті барлық шаралар қолданылады", - делінген хабарламада. 

"АрселорМиттал Теміртау" мәліметі бойынша, былтыр кәсіпорын шаңды 2016 жылға қарағанда 18 029 тоннаға аз лақтырған, ал соңғы 20 жылда қоршаған ортаға эмиссия 3,5 есе азайған. 

Компания "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап, қардың түсін шаңның нашар тарауынан деп түсіндірді. Өйткені Теміртауда 11 күн бойы желсіз, тымық болды. Сонымен қоса, көлік санының артуы мен жеке үйлердің пештерінен шыққан түтін де ауаны ластай түскен.  

"Металлургиялық комбинат елді мекендерден белгілі бір қашықтықта салынуы керек. Алайда қала мен комбинат бір-біріне жақын салынған. Компания бұған қарамастан қоршаған ортаға зиян келтіру факторларын азайтуға бар күшін салады. 2018 жылы экологиялық жобалар арқасында қоршаған ортаға эмиссияны төмендету жоспарланған. Үш жылда - 2017, 2018 және 2019 комбинат құрылғыларына 18,5 миллиард теңге құйылады. 2017 жылы бұл мақсатта 5,3 миллиард теңге бөлінген болатын", - делінген хабарламада. 

"АрселорМиттал Теміртау" жетекшісінің сөзінше, қазіргі таңда мамандар жағдайды зерттеп, қажетті шаралар қабылдау үшін өлшем мен сараптамалар жүргізіп жатыр. Арнайы комиссия қала үстінде қара түтіннің тұрып қалуы мен қара түсті қардың себебін анықтаумен айналымсып жатыр. "Комиссия жұмысы аяқталып, қорытынды алына салысымен компания мәселені шешумен айналысады... Экологиялық проблеманың толық шешілуі - ұзақ жылғы жоба, оны қысқа уақытта шешу мүмкін емес", - делінген хабарламада. 

9 қаңтарда белсенділер Теміртау тұрғындарынан экологиялық апат туралы мәлімдеме астына қол жинай бастаған. Ол қаладағы екі сауда үйінде өтеді. Ал әлеуметтік желілерде суреттер мен видео саны артып келеді. Авторлар мұны экологиялық геноцид деуге көшкен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети