29 наурыз 2018 11:42

Аружан Саин ОҚО-да денесінен инелер табылған қыз жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аружан Саин денесінен инелер табылған қыз жайлы айтып берді. Оның айтуынша, бұл оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында болған. Аружан Саин бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аружан Саин денесінен инелер табылған қыз жайлы айтып берді. Оның айтуынша, бұл оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында болған. Аружан Саин бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды,  - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"(...) 2016 жылдың басында біздің қорға Айна есімді қыздың әкесі хабарласты. Айна 2011 жылы туылған. Әкесі қызының өңеші күйіп қалуына байланыфсты оны шетелде емдеуге жіберуді сұраған. Қордағы тәртіпке сәйкес, біз баланың ата-анасынан алынған медициналық құжаттардың барлығын түрлі клиникаларға жолдадық, олардың ішінде Индияның "Фортис" "МедИндия" клиникалар желісіне де жолдадық.

Медициналық жазбаларды алған "МедИндия" клиникасының қызметкерлері қыздың жағдайына таңғалды. Біз қазақстандық дәрігерлерден де кеңес алдық, олар да шетелдік әріптестері шығарған қорытындыны растады. Құжаттарға қарап, қыздың денсаулығына ауыр зиян келіп жатқанын және оның өлімге әкелуі мүмкін екенін айтты", - деп жазды Саин.

"Қыздың денсаулығы жайлы хронологиялық мәліметте былай жазылған:

-2012 жылдың маусымында (қыз бір жаста) - ауыр бас-ми жарақаты. Қыздың өзі құлап кеткені айтылады.

-2013 жылдың қаңтарында (қыз бір жарым жаста) - денесінен инелер табылды. Қыздың мұндай жаста өз-өзіне ине тығуы мүмкін емес.

-2013 жылдың мамырында (қыз әлі 2 жасқа толған жоқ) өңеші күйіп кеткен. Айнаның өңешінен бастап асқазанына дейін күйіп кеткен. Аузы мен мұрны да күйіп қалған. Сол сәттен бастап қыз өз бетінше тамақ жейі алмайды. Тек сұйық тағамды арнайы аппарат арқылы жейді. (...), - деп жазды Аружан Саин.

Сондай-ақ, оның айтуынша, олар осы жағдай жайлы Бас прокуратураға хат жолдап, қандай да бір шараларды қолдануды сұрап отыр.

"Әлі күнге дейін қыздың жағдайы жайлы мәлімет жоқ - тірі ма, жоқ па білмейміз. Әкесі телефон нөмірін ауыстырып тастаған сияқты. Қалай көмектесерімізді білмей отырмыз. Мұнымен қажетті және міндетті адамдар айналысуы керек!", - деп жазды қоғамдық қордың жетекшісі.

Мұнымен қоса, Аружан Саин балаларға қатысты келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарастыруға шақырды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети