13 тамыз 2019 16:54

Арыс тұрғыны өз үйін балтамен қирата салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс тұрғыны мемлекеттік өтемақы алу үшін өз үйін қиратқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дәлел ретінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Сәкен Қалқаманов Facebook желісінде видео жүктеді.

"Ашкөздік не істетпейді. Арыс қаласының тұрғыны бір түнде өз үйін балтамен және ломмен қиратқан, мекенжайы Төле би, 183. Бірінші видеоны құрылысшылар түсірген, ол кезде үй иесі олардың үйді жөндеп берейік деген ұсынысынан бас тартқан. Ол жарылыстардан келген зақымды асыра айтып, үйді сүріп тастауды талап еткен. (...) Келесі күні (екінші видео) үйдің жағдайы басқаша болған", - деп жазды Қалқаманов.

Оның айтуынша, ер адамның көршісіне кірпіштен үй салынған, себебі жарылыстан үйі түгелдей қирап қалған. 

"Саналы түрде өз мүлкін қирату - сұмдық", - деп жазды баспасөз хатшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети