06 тамыз 2019 16:47

Арыста 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыс қаласында 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Арыс қаласында 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Арыста жалпы алғанда 9 313 құрылысшы жұмыс істеп жатыр. 7 мыңнан аса маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысып жатыр

"6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға берді. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, аптап ыстыққа қарамастан, құрылысшылар 2 405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр", - делінген министрліктің хабарламасында.

Арыста 5776 үйде қалпына келтірілді

Еске салайық, әскери полигондағы жарылыстардан Арыс қаласының тұрғын үй қорының 85 пайызы бүлінген еді. 1 тамызға дейін құрылысшылар 6,5 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерін қалпына келтірді, бұл барлық қираған үйлердің 90 пайызы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети