Арыстағы екі бала мен жүкті әйелдің өлімі: орындықты қаққан көлік рөлінде 52 жастағы мұғалім болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстағы екі бала мен жүкті әйелдің өлімі: орындықты қаққан көлік рөлінде 52 жастағы мұғалім болған otyrar.kz

Арыс қаласында жол талғамайтын көлікпен мас күйінде үш адамды қағып өлтірген жүргізуші жергілікті мектептің 52 жастағы мұғалімі болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК және OTYRAR арнасына сілтеме жасап.


Арыс қаласында жол талғамайтын көлікпен мас күйінде үш адамды қағып өлтірген жүргізуші жергілікті мектептің 52 жастағы мұғалімі болып шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК және OTYRAR арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 6 маусым күні кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен келген автокөлік қоршауды бұзып өтіп, бес адам отырған орындыққа соғылған.

Адамдар құлаған кірпіш қоршаудың астында қалған. Оқиға орнында 29 жастағы жүкті әйел, оның екі жасар ұлы және көршісінің бес жасар қызы көз жұмды. Тағы үш адам қазір ауруханада жатыр. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

"Мұнда екі келінім – менің туысым мен көршім сөйлесіп отырған еді. Қасында үлкен туысымыз болды. Балалар шақырып, ол орнынан тұра бергенде, көлік келіп соқты. Оның иығы сынған. Біз ұлымыз бен келінімізден айырылдық. Көршіміздің бес жасар қызы да шетінеп кетті. Кішкентай баланы көлік соққаннан кейін үйіндінің астынан таптық. Келінім ауланың арғы жағына ұшып кеткен", - дейді қаза тапқан әйелдің туысы Ғани Айдаров.

Оқиғаның бәрі көшеде ойнап жүрген балалардың көзінше болған. Қаза тапқан әйелдің артында үш баласы қалды.

"Күн сайын балалар: "Мамамыз қайда?" деп сұрайды. Бұл сөздер жүрегімді тілгілейді. Оларға не айтамын? Мен оларға ананы қайдан тауып беремін? Енді тек олар бақытты болып өссін, тағдырдың тауқыметін тартпасын деп тілеймін", - дейді марқұмның енесі Ағайша Манатова.

Зардап шеккен екі адам Арыс аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер 30 жастағы әйелдің жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Алайда оның бір жарым жасар баласы әлі де ауыр халде. Алған жарақаттарының ауырлығына байланысты нәресте облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды.

Аудандық аурухананың дәрігері Айдар Акбаров науқастардың жағдайы мен алған жарақаттары туралы мәлімет берді.

"30 жастағы пациенттің жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде деп бағаланып отыр. Ол оң жақ тізе буынының жабық сынығы және ми шайқалуы диагнозымен хирургия бөліміне жатқызылды. Қажетті медициналық көмек көрсетілді. Екінші науқас – бір жас алты айлық бала. Ол өте ауыр халде түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған ми шайқалуы, оң жақ кеуде қуысының көптеген жабық сынығы және ортан жіліктің сынуы диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта бала облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды", - деп хабарлады маман.

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Арыс қалалық соты жол талғамайтын көлік жүргізушісін екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қаза тапқандардың туыстары бұл қайғылы жағдайға кінәлі адамды кешірмейтінін айтты. Полиция өкілдері тергеу-жедел тобы оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеп жатқанын хабарлады. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Арыста мас әйел көлікпен адамдар отырған орындықты қағып кетті: балалар қаза тапты

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.09   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +28
Астана +30
Ақтау +23
Ақтөбе +18
Атырау +26
Б
Балқаш +23
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +32
П
Павлодар +27
Петропавл +32
С
Семей +31
Т
Талдықорған +28
Тараз +27
Түркістан +24
О
Орал +28
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер