26 маусым 2019 14:20

Арыстағы жарылыс: Эвакуациялық орталықтарда 24 мыңнан аса адам тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ернар Алмабек © Ернар Алмабек

Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Арыс қаласындағы жағдай тұрақты. Қазіргі кезде қаланы тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдан зардап шеккен халықтың да жағдайы қалыпты. Бұл туралы бүгін облыстық штаб мүшелері мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Арыс қаласының маңындағы Ақжол ауылы, Жамбыл атындағы мектепте орналасқан облыстық штабта өткен брифингке Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков, Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қатысты.

Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккен азаматтармен жұмыс жүргізу және қолдау көрсету мақсатында құрылған арнайы жедел штаб қазіргі таңда толыққанды жұмыс жүргізуде.
Эвакуациялық пункттерде 24 мыңнан астам адам тіркелді. Оның ішінде: Шымкент қаласында 20 мың, Түркістан облысының аудандарында 4 мыңнан астам адам тиісті көмек алып жатыр.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 70-ке жуық қоныстану орталықтары жұмыс істеп жатыр. Халық орналасқан орта мектеп, колледж, балабақша, мектеп-интернаттарда эвакуацияланған азаматтарға барлық қажетті жағдайлар жасалған.Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев күні кеше Түркістан облысында «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорында арнайы есеп-шот ашылғанын хабарлады.

"Үш күннен бері аталған қорға республикамыздың түкпір-түкпірінен отаншыл және жомарт жүректі азаматтар қаржыларын аударып жатыр. 26 маусымдағы мәлімет бойынша қорға түскен қаржы көлемі 225 миллион теңгеге жетті", - деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары.

Эвакуация кезінде 200-ге жуық бала ата-анасынан адасып қалған болатын. Олардың барлығы да бүгінгі күні отбасымен қауышыпты.

"Қазіргі уақытта бұл бағытта арыз-шағым түсіп жатқан жоқ. Сондықтан да, ата-анасынан, отбасынан адасып қалған балалар жоқ деп айта аламыз. Өңірдің кәсіпкерлері төтенше жағдайдан зардап шеккендерге ақшалай және заттай көмек көрсетуге әзір екендерін айтады, әрі іс-жүзінде бастапта жіберді. Одан бөлек, қабылдау пунктеріне келген жандарды ыстық тамақпен, киім кешекпен қамту, балаларына ойыншықтар алып беру және өзге де күнделікті тұтыну тауарларымен қамту істеріне жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер өз үлестерін қосып жатыр", - деді Ұласбек Сәдібекұлы.

Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, облыс орталықтарында, шалғайдағы аудан орталықтары мен қалалаларда, ауылдарда штаб пәтерлер орналасып, көмек қорлары жиналып жатыр. Кешегі күні Қарағанды мен Қызылорда облысынан азық-түлік және тұрмыстық заттар жеткізілген. Жамбыл Атырау облыстарынан гуманитарлық көмек келе жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети