25 маусым 2019 09:22

Арыстағы жарылыс: Зардап шеккендерге 22 жедел жәрдем бригадасы көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

24 маусымда Арыста болған жарылыстардан соң зардап шеккендерге көмектесу үшін 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


24 маусымда Арыста болған жарылыстардан соң зардап шеккендерге көмектесу үшін 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бұл бригадалар Арыс, Түркістан, Кентау және Шымкент қалалары мен  Ордабасы ауданында жұмыс істейді. Сонымен қатар, аймаққа жақын Жамбыл мен Қызылорда облыстарында 16 бригада жәрдем көрсетеді. 

Зардап шеккендерді жылдам тасымалдау қажет болған жағдайда, санитарлық авиацияның 2 ұшағы дайын, онда қажетті медициналық құрылғылар мен мобильді бригада жұмыс істейді. 

Сондай-ақ пациенттерге консультациялық көмек көрсету үшін Алматыдан Шымкентке арнайы 2 бригада жіберілген, құрамында реаниматолог, травматолог, камбустиолог, балалар реаниматологы мен нейрохирургтер бар. Қазіргі уақытта мамандар 11 пациентке консультациялық көмек көрсетіп, 1 адамға ота жасалған. 

Еске салайық, 24 маусымда Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы ауданында медициналық штаб құрылған. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына барып, зардап шеккендермен кездескен болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети