1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Арыстағы төтенше жағдай: 136 үй қалпына келтірілді03 шілде 2019, 15:20

видеодан үзінді видеодан үзінді

2019 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Түркістан облысы Арыс қаласында 136 тұрғын үй қалпына келтірілді. Тағы 571 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Арыс қаласындағы үйлердің 85 пайызы жөндеуді қажет етеді, ал қалада жұмыс істейтін құрылыс компанияларының саны 118-ге дейін артты. Бүгінде тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға 1546 құрылысшылар қатысып, 86 арнайы техника тартылды.

Еске сала кетейік, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бастаған жұмыс тобы қазір Арыс қаласында жүр. Жақында ол Арыс қаласындағы барлық үйлерді бақылауға алатынын және күнделікті мониторингте ұстайтынын хабарлады.

Қалада барлық бұзылған инфрақұрылымды - инженерлік коммуникациялар мен жолдарды қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа Үкімет резервінен қаражат бөлінді. 


Алматыда митинг өтті