01 ақпан 2018 09:17

Арыстан Қабыкенов ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстан Қабыкенов. © primeminister.kz Арыстан Қабыкенов. © primeminister.kz

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жаңа вице-министр және Инвестициялар комитетінің төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жаңа вице-министр және Инвестициялар комитетінің төрағасы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Арыстан Кенжетайұлы Қабыкенов ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды, Инвестициялар комитетінің төрағасы қызметіне Ерлан Қартайұлы Қайыров тағайындалды", - делінген хабарламада.

Арыстан Қабыкенов 1980 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. 2002-2006 жылдары Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2004 жылы - КИМЭП, 2012 жылы - Ноттингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. 2001–2004 жылдары "ТАТ-2001" ЖШС қаржы директоры қызметін атқарған. 2004-2006 жылдары Қаржы министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2006-2008 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеген.

2011-2015 жылдары ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында, Өңірлік даму министрлігінде, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінде қызмет еткен. 2015-2016 жылдары ҚР премьер-Министрі Кеңсесінің басшы орынбасары болған.

2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР-ның Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі қызметін атқарған.


Ерлан Қайыров. © primeminister.kz

Ерлан Қайыров 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мамандығы - халықаралық экономикалық қатынастар.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. 1997-2002 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазымдарды атқарған. 2002-2006 жылдары ҚР премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2006-2011 жылдары ұлттық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарған. 2011-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде басқарушылық қызметтерді атқарған. 2014-2016 жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы болған. 

2016 жылдың мамыр айынан қазіргі таңға дейін инвестициялар және даму вице-министрі қызметін атқарған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети