01 сәуір 2019 16:29

Әсет Мағауов энергетика вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әсет Мағауов. © primeminister.kz Әсет Мағауов. © primeminister.kz

Әсет Мағауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әсет Мағауов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Б. Ақшолақов берілген өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Әсет Мағауов 1972 жылы Атырау облысының Құлсары ауылында дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай химиясы және газ өнеркәсібі институтын тәмамдаған. Халықаралық Валюта Қорында және Азия Даму Банкінде тағылымдамадан өткен. Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әртүрлі жылдары "Теңізмұнайгаз" АҚ, "Қазақойл" ЖАҚ, "Мұнай және газ тасымалдау" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз" АҚ, "Теңізшевройл" ЖШС, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-та жұмыс істеген. 2008–2010 жылдары - ҚР энергетика және минералды ресурстар вице-министрі; 2010–2011 жылдары - ҚР мұнай және газ вице-министрі. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қуат Қаһарманұлы Бораш Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети