24 наурыз 2019 09:48

Асқар Мамин астананы қайта атауға қатысты пікір білдірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары аясында астананы қайта атауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары аясында астананы қайта атауға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Премьер-министр қаланың Тұңғыш Президент – Елбасының құрметіне орай қайта аталуы айтулы тарихи оқиға екенін атап көрсетті.

"Қазіргі таңда біздің көз алдымызда тәуелсіз Қазақстанның тарихи жылнамасының жаңа беттері жазылуда. Сондықтан мемлекетіміздің және оның жаңа елордасының негізін қалаушы, Ұлы даланың төрінде дамыған мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлы тұлғасын осылай тарихи түрде дәріптеу – бұл біздің келешек өскелең ұрпақ алдындағы парызымыз", - деді Асқар Мамин.

Оның айтуынша Нұр-Сұлтан қаласы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа экономикалық моделінің негізгі қозғаушы күшіне айналды.

"Жаңа астанамыздың қалыптасуының алғашқы жылдарында Елбасымыздың "Астананың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" бағдарламасы астананың ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінің дамуына қуатты серпін берді. Әлемдік аренада Қазақстанның ықпалы мен рөлі жыл өткен сайын артып келеді. Бұл – сөзсіз біздің Елбасымыздың ерен еңбегі. Астананың Тұңғыш Президент есімімен аталуы – әділетті әрі дер кезінде жасалған шешім. Жаңа атауға ие болған астананың алдында бұдан да биік, ұлы мақсаттар тұр. Сонымен қатар, бұл – жаңа мүмкіндіктер әрі үлкен жауапкершілік", - деді Премьер-Министр.

Ол "біз бәріміз де астаналықтар болып қаламыз, өйткені, Нұр-Сұлтан - Қазақстанның Астанасы!" екенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети