Асқар Мамин "Қорғас - Шығыс қақпасына" барады

23 Наурыз, 14:31
0
©Турар Казангапов
©Турар Казангапов

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Ол Қазақстанның Қытаймен шекарасында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" ауқымды жобасының бір бөлігі - "Нұр жолы" өткізу пунктінің жұмысымен танысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында "Қорғас - Шығыс қақпасы" арнайы экономикалық аймағына және "Қорғас" Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.

Талдықорған қаласында премьер-министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай