15 ақпан 2017 10:07

Асқар Мамин өңір басшыларының тасқын кезеңіне дайындық туралы есептерін тыңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен селекторлық режимде төтенше жағдайларды алдын ала ескерту және жою бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өттті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Бүгін ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен селекторлық режимде төтенше жағдайларды алдын ала ескерту және жою бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысы өттті - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Отырыс жұмысына ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, ҚР мемлекеттік органдарының басшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары және облыстардың ТЖ жөніндегі департаменттерінің басшылары (селекторлық режимде), "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "КЕГОК" АҚ, "Қазгидромет" Ұлттық сейсмологиялық бақылау орталығы" РМК басшылары қатысты.

Басқару органдарының, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің (АҚМЖ) күштері мен құралдарының тасқын кезеңіне дайындығы туралы ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев, ҚР ішкі істер вице-министрі Ильин Ю., ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Нысанбаев Е., ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау баяндады.

Баяндамаларға сәйкес, тасқын кезеңінде ТЖ алдын ала ескерту бойынша іс-шаралар кешені әзірленді. Су тасқыны болуы мүмкін аудандардан тұрғындарды эвакуациялаған жағдайда эвакуацияланатын тұрғындарды қабылдау пункттері әзіренген, эвакуациялау бағдарлары анықталған, техника, жүзу құрылдары және тікұшақтар дайындалған. Жалпы, ҚР ТЖК мәліметінше, тасқын және қар суы басуы мүмкін аймақтарда 918 елді мекен бар, онда 402 мыңнан астам адам тұрады.

Ведомствоаралық комиссия отырысын қорытындылай келе, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары тасқын кезеңіне дайындық мәселелері Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

Ол тасқын кезеңіне дайындық және оның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды уақытылы өткізу қажеттігін баса айтты.

"Әр мемлекеттік орган өз құзіреттілігі шеңберінде тасқын кезеңінде төтенше жағдайларды алдын ала ескерту бойынша іс-шаралардың барлық кешенін орындауы тиіс. Еліміздің бірқатар өңірлерінде елді мекендер, азаматтарымыз зардап шеккен өткен жылдардағы оқиғалардың қайталануына жол бермеуіміз керек", - деп атап өтті Асқар Мамин. Ол орталық, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың басшыларының жауапкершілігі туралы еске салды.  

Ведомствоаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына алдын алу шараларын жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети