22 маусым 2019 11:56

Асқар Мамин Шавкат Мирзиеевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ташкент қаласында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара іс-қимылдың барлық спектрлері бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

"Қазақстан Өзбекстанмен жан-жақты өзара тиімді байланыстарды кеңейтуді көздейді", - деп Асқар Мамин, бұған Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ш. Мирзиеев берік негізін қалаған, екі ел арасындағы соңғы жылдары қалыптасқан шынайы стратегиялық серіктестік ықпал ететінін атап өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында Қазақстан - Өзбекстан ынтымақтастығына елеулі қарқын берген маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілді.  

"Бізді ынтымақтастықтың барлық бағыттары, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы бағыттар бойынша оң динамика қуантады. Біз стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделіміз", - деді ӨР Президенті Шавкат Мирзиеев.

ҚР премьер-министрі көлік және транзит, инвестициялық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, энергетика, қорғаныс-өнеркәсіптік сала, цифрландыру, туризм, мәдени-гуманитарлық байланыстар саласындағы зор перспективаларды атап өтті.

Ташкентте Қазақстан премьер-министрі өзінің өзбек әріптесі А. Ариповпен ҚР мен ӨР арасындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша XVIII Бірлескен үкіметаралық комиссия отырысына қатысты.

Комиссия отырысы екі елдің мемлекеттік органдарының басшылары мен бизнес қауымдастықтары өкілдерінің қатысуымен өтті.

"Өзбекстан - Қазақстанның үшінші сауда серіктесі", - деп ҚР премьер-министрі, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

Өзбекстан Үкіметінің басшысы А. Арипов екі елдің бизнес құрылымдарының арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін алғашқы ҚР және ӨР Аймақаралық форумның және Орталық Азия экономикалық форумының маңыздылығын атап өтті.

Белсенді дамып келе жатқан тығыз байланыстардың көрсеткіші - ҚР мен ӨР арасындағы өзара сауданың өсуі: 2018 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 3 миллиард долларға жуық мөлшерге жетті. 2019 жылғы қаңтар-сәуір айларында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,8 пайызға артып, $1,1 миллиард болды

Тараптар Үкіметаралық комиссия қабылдаған шешімдер  екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға салмақты үлес қосып, екі ел экономикасын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Отырысқа қатысушылар 2018 жылы "Қазақстандағы Өзбекстан жылының" табысты өткенін, сондай-ақ 2019 жылы "Өзбекстандағы Қазақстан жылын" өткізу бойынша Іс-шаралар жоспарын сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Қазір Өзбекстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 600-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, Қазақстанда өзбек капиталының қатысуымен 1 мыңнан аса кәсіпорын бар, оның ішінде 400-ден аса - бірлескен кәсіпорындар.

Үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 1,5 миллиард доллардан асатын 27 құжатқа қол қойылды. Келісімдер сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы салаларында, жеңіл өнеркәсіпте, фармацевтикада ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Отырыс қорытындысы бойынша Бірлескен Үкіметаралық комиссияның тең төрағалары Қазақстан премьер-министрі А. Мамин мен Өзбекстан премьер-министрі А. Арипов тиісті Хаттамаға қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети