04 шілде 2019 09:02

Асқар Мамин Теңіздегі жағдайдың ерекше бақылауға алынғанын атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыстағы Chevron барлау және өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Келіссөздер барысында мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері қаралды. Chevron-мен ынтымақтастық Теңіз, Қарашығанақ жобалары және Каспий құбыр консорциумын кеңейту жобалары бойынша жүзеге асырылады.  

Тараптар барлық жобаларда қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 

Тодд Леви бүгінде Атырау облысындағы Теңіз кен орнындағы жағдай тұрақты екенін атап өтті. Өндірістік процестер штаттық режимде жалғасып жатыр. 

Өз кезегінде, ҚР Үкіметінің басшысы қажетті еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің басымдығын атап өтті. 

"Қызметкерлердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы барлық жұмыс берушілер үшін алғашқы басымдық болуы тиіс", - деп Асқар Мамин, Теңіздегі жағдайдың ерекше бақылауға алынғанын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети