30 қаңтар 2016 16:55

Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясының сайлауалды штабының басшысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Оntustik.dov.kz © Оntustik.dov.kz

Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясының сайлауалды штабын басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның орталық аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Асқар Мырзахметов "Нұр Отан" партиясының сайлауалды штабын басқаратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның орталық аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия төрағасының бірінші орынбасарын сайлауалды штабтың басшысы етіп Нұрсұлтан Назарбаев тағайындады. "Нұр Отан" партиясының Республикалық сайлауалды штабының құрамына танымал партия және қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері кіргенін айтты. Өткен сайлау науқандарына қатысып, мол тәжірибе жинақтаған азаматтармен қатар, штаб құрамына жастар ұйымдарының белсенді өкілдері де кіргені хабарланды.

"Штаб жұмысының міндеті - "Нұр Отан" партиясының парламенттік және мәслихат сайлауында айқын жеңіске жетуі", - деді Мырзахметов.

Айта кетейік, партияның кезектен тыс XVІI съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің толық тізімі жарияланғанып, партияның сайлауалды бағдарламасы қабылданған еді.

Бүгінгі таңда партияда түрлі әлеуметтік топтарға жататын тұрғындармен нақты іс-қимыл жоспары әзірленіп, республикалық желілік кестесі қабылданып, медиялық жоспар бекітілді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, еліміздің барлық өңірлерінде сенімді өкілдер мен партия белсенділерінің жұмысын үйлестіретін дәл осындай сипаттағы 16 аймақтық және 208  аумақтық штаб құрылмақшы. Олардың құрамында 3,5 мыңнан аса адам кіреді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети