06 тамыз 2015 12:22

Әскерилер сел жүрген аймақтардан күніне мың тоннадан аса лай шығарып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс бөлімі © ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс бөлімі

Ұлттық ұлан жауынгерлері селден зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқановқа сілтеме жасап.


Ұлттық ұлан жауынгерлері селден зардап шеккен елді мекендерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қоғаммен байланыс жөніндегі офицері Дархан Мұқановқа сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 28237, 52859 әскери бөлімдері Алматының Наурызбай және Алатау аудандарында көшелер мен әлеуметтік нысандарды, тұрғын үй аумақтарын ағын сумен келген лай, батпақтан тазарту үстінде.

28237 әскери бөлімінің 330 жауынгері бүгінгі таңда Наурызбай ауданындағы №187 орта мектеп, "Айдария" балабақшасы, "Қарғалы" бау-бақша қоғамының аумағын, Қарғалы, Каменка, Таусамалы елді-мекендерінде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Күн сайын жауынгерлер 1000 тоннадан астам тас аралас лайды сыртқа шығаруда. 5 тамыз күні әскери бөлім жауынгерлерінің 28237 әскери бөлімі бойынша бірінші топ № 187 орта мектеп аумағын тазалау бойынша жұмыс атқарды. 340 тонна лай шығарылды. № 2 топ Алмалы көшесі бойындағы №3, 8, 10 үйлердің жертөлелерін тазалады. 90 тоннаға жуық лайлы су сыртқа шығарылды. № 3 топ "Айдарья" балабақшасының аумағынан 60 тоннаға жуық тас аоалас лай шығарды. № 4 топ Жетісу көшесіндегі № 11,12, 13а, 14, 15, 16 үйлер және "Қарғалы" саяжайы аумағынан 220 тонна лай шығарды.

Сонымен қатар, сарбаздардың күшімен №187 орта мектептің стадионы тазартылды. Қарағанды қаласынан келген 52859 әскери бөлімінің 146 жауынгері Алатау ауданы Алғабас кентінде тұрғын үйдердің аумағын тазалаумен айналысты. Бір күнде барлығы 843 тонна лай шығарылып, жолдар мен арықтар тазартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети