02 сәуір 2015 18:56

Әскерилер ту ұстап жүруді үйренді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астана маңындағы әскери бөлім базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскер түрлері, тектері және басқа да әскери оқу орындарының жауынгерлік туларын, сондай-ақ Қызыл армия туларын сақтау жұмыстары ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астана маңындағы әскери бөлім базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскер түрлері, тектері және басқа да әскери оқу орындарының жауынгерлік туларын, сондай-ақ Қызыл армия туларын сақтау жұмыстары ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта ту ұстаушылар тобының әскери қызметшілері тудың нұсқалары мен жауынгерлік туларды қолдануды жаттығуда. Нышандардың ерекше құндылығын ескере отырып, аталған тулар қорытынды репетицияларда және нақты парад өтетін күні қолданылатын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл тулардың барлығы да алда өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына арналған әскери парадта қолданылады. "Мемлекеттік ту егеменді еліміздің рәмізі, ал жауынгерлік тулар өткен ғасырлардан бері армияның ерекше бейнесі ретінде қызмет етіп келеді. Бүгінде жауынгерлік ту Қарулы Күштердің тәуелсіздігін, байлығын және жауынгерлік әзірлігін сипаттайды. Сондықтан оларды парадқа алып шығудың өзі де ерекше салтанатты рәсім. Бұл орайда әскери қызметшілер аталған рәсімді үлкен құрметпен орындайды", - деді ведомстводағылар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Мемлекеттік ту және жауынгерлік тулар 2005, 2009, 2011, 2014 жылдардағы әскери парадта, сонымен қатар 2013 жылғы Отарда өткен парадта қолданылды. Алдағы әскери парад барысында парад қолбасшысының бастауымен ту алып жүретін топ құрамы (әр топ үш адам) ҚР Мемлекеттік туын алып өтеді. Бұл парадтың ресми ашылуы болып саналады. Ал жеке әскер түрі мен тегі, бөлімшелер мен оқу орнының жауынгерлік туларын ұстаған әскери қызметшілер әрбір жаяу әскер легін бастап өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети