20 қазан 2018 12:40

"Астана LRT" өкілдері автобус жүргізушілерінің ереуілі туралы хабарламаға жауап берді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Турар Казангапов ©Турар Казангапов

"Автобус жүргізушілерінің ереуілі болған жоқ, ал қоғамдық көліктердің кешігуі ауа райының қолайсыздығына байланысты" деп мәлімдеді "Астана LRT" өкілдері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Автобус жүргізушілерінің ереуілі болған жоқ, ал қоғамдық көліктердің кешігуі ауа райының қолайсыздығына байланысты" деп мәлімдеді "Астана LRT" өкілдері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереуілі туралы ақпарат белсенді тарап жатыр. Бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Барлық тасымалдаушымен байланысып, диспетчерлік қызметтер арқылы тексеріп шықтық, барлық автобус жоспарға сәйкес орнында", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі өкілдері Facebook әлеуметтік желісінде.

Компания қызметкерлері Астанадағы қиын ауа райы жағдайларына байланысты жолдарда қозғалыс жылдамдығының азайғанын атап өтті.

"Осы себептен кейбір автобустар кестеден артта қалып қояды, нәтижесінде екі көлік арасы ұзап кетеді. Құрметті азаматтар, сізден жүргізушілердің ереуіліне қатысты жалған ақпаратты таратпауыңызды сұраймыз", - деді компаниядағылар.

Астана тұрғындары автобустың жетіспеушілігіне шағымданған, адамдар аялдамада қоғамдық көліктерді ұзақ күтіп тұрған.

Автобус аялдамаға келгеннен кейін ішінде төбелес шығады. Астана тұрғынының айтуынша, адамдар алдыңғы ескті сындырып, автобус ішіне кіруге тырысқан.

Сурет Facebook / "Астана: Что? Где? Когда?" парақшасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети