26 қыркүйек 2018 17:44

"Астана LRT" өкілдері қалаға көлікпен кіру неліктен ақылы болатынын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Астана LRT" ЖШС басқармасы басшысының орынбасары Бейбіт Есжанов Астанаға көлікпен кіру қай кезден бастап ақылы болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана LRT" ЖШС басқармасы басшысының орынбасары Бейбіт Есжанов Астанаға көлікпен кіру қай кезден бастап ақылы болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде елордада 500 мыңға жуық көлік құралы бар, олардың 324 мыңы тіркелген. Ал қалаға кіретін көліктердің саны 80 мыңнан асады және қалған көліктер басқа қалаларда тіркелгенімен Астанада жүр", - деді Есжанов баспасөз мәслихаты кезінде.

Оның айтуынша, қаланың алты жеріне кіру ақылы болады деп жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, Қорғалжын тасжолы, Қосшы жақтағы жол, Қарағанды, Павлодар, Көкшетауға бағыт алған жолдарға кіру ақылы болады.

"Қазір бұл мәселе қарастырылып жатыр. Осыған дейін біз мұны Қоғамдық кеңесте талқыладық, кеңес мүшелері бірнеше ескерту жасады, сол ескертулер бойынша жұмыс істеп жатырмыз", -  деді Есжанов.

Оның айтуынша, Қоғамдық кеңес бұл мәселені 2019 жылы қарастырады.

"Таңғы сағат 7 мен 9 аралығында және кешкі сағат 17.30 бен 20.00 аралығында ақылы болады деп жоспарлап отырмыз. Бұған себеп - қалаға күнделікті 82 мыңнан аса көлік кіреді. Осы арқылы қаланың жол желісіне жүктемені төмендетуге болады. Яғни біздің болжауымызша, ақылы төлем енгізілсе, халық қоғамдық көлікке ауысады", - деп нақтылады Есжанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астанаға көлікпен кіру ақылы болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети