25 сәуір 2014 12:11

Астана адам өмірі үшін барынша ыңғайлы қала болуы тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pda.nur.kz сайтынан Фото pda.nur.kz сайтынан

Бүгін Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың негізгі міндетін білгілеп берді. Елорда адам өмірі үшін барынша ыңғайлы ордалардың қатарына кіруі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін Астананы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қаланың негізгі міндетін білгілеп берді. Елорда адам өмірі үшін барынша ыңғайлы ордалардың қатарына кіруі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Президенттің айтуынша, Астананың негізі қаланғалы бері 16 жыл өтсе де, біраз жұмыстар атқарылды. "Біз мемлекетімізге сай елорданы салуды көздедік. Қазір болса, біз өзіміз үшін бұдан да жоғары мақсат қойып отырмыз. Астана адам өмірі үшін барынша ыңғайлы ордалардың қатарына кіруі тиіс. Біз табиғаты мен ауа-райы біздікіне ұқсас Канада мен Сингапурдың қалаларымен терезесі тең болатын қаланы салуымыз қажет", - дейді Мемлекет басшысы. 

Өз сөзінде Елбасы Астанаға бір миллионнан астам туристтің келіп кеткені жайында айтты. Олардың 100 мыңы - шетелдіктер. "Алдымызда EXPO-2017 халықаралық көрмесі бар. Оның құрылысын көктемде бастап отырмыз. Соның арқасында жазда біраз жұмысты бітіруге болады. Құрылысқа жауапты азаматтар бәрін дер кезінде бітіреді деген сенім бар", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети