27 мамыр 2014 15:07

Астана әкімі билбордтар мен дүкендердегі жарнама маңдайшаларын сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Билборд демонтажы. Фото ©Дмитрий Хегай Билборд демонтажы. Фото ©Дмитрий Хегай

Астана әкімі билбордтар мен дүкендердегі жарнама маңдайшаларын сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының конференциясынан.


Астана әкімі билбордтар мен дүкендердегі жарнама маңдайшаларын сынға алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының конференциясынан.

"Сіздердің естеріңізде болар, Елбасы Астана қаласын дамытуға қатысты жиындарда Астанада елордалық келбет пайда болу керектігін айтқан. Шағын және орта бизнес осы іске атсалысар болса, біздің қаламыз одан әрі көріктене түсері анық. Қарапайым мысал, көшедегі жарнамалар мен дүкен маңдайшаларын алып қараңыздар. Біздегі жағдай бойынша, үлкен әрі түрлі-түсті маңдайшалар мен баннерлер орнатылған, оларда аталмыш ұйым ұсынатын қызметтер мен тауарлардың тізімі жазылады. Ал Еуропадағы жағдай мүлдем өзгеше. Терезелер мен витриналар - тұтынушы мен сатып алушыны тартудың басты құралы ретінде қарастырылады", - деді ол.

"Мен Париждегі тәжірибені зерттедім. Ол жақта жарнама маңдайшаларының сапасымен мэрия айналыспайды. Осы стандарттарды орнататын және қадағалайтын арнайы гильдия бар. Егер жарнама қаланың келбетіне сай келмесе, олар тиісті хат жазады", - деп түсіндірді ол. 

Сонымен қатар Тасмағамбетов бизнес өкілдері де елорданың келбетін жақсартуға атсалысуы тиіс екендігін айтты. "Алда қалаға 16 жыл толады және оның келбетін тек қалалық саябақтар, алаңқайлар мен ғимараттар ғана ашуы тиіс емес, оған жергілікті шағын және орта бизнес өкілдері де атсалысуы тиіс", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети